Мәдина Нұрғалиева ҚСЗИ директорының орынбасары болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдина Нұрғалиева Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚСЗИ-дің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

Мәдина Нұрғалиева бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Алматыдағы өкілдігшін басқарып келген.

Нұрғалиева Мәдина Маратқызы 2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Философия және саясаттану институтының аспирантурасын бітірген.

2004-2012 жылдары - ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Философия және саясаттану институтының кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері. 2009-2013 жылдары - Саяси шешімдер институтының сарапшылық-қолданбалы бөлімінің  жобалалар менеджері, жетекшісі, 2013 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

ҚСЗИ-дің «Қазақстан-Спектр» ғылыми-талдау журналының шеф-редакторы.

Соңғы жаңалықтар