Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс жұмысына алғаш рет министр ретінде қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова қатысып, баяндама жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жаңа басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

Айта кетейік, заң жобасы барлық бос жұмыс орындары мен елді мекендер бойынша бірыңғай онлайн тұғырнама жасау бөлігінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында белгілеген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді.

«Мәдина Ерасылқызы, бүгін бізге бірінші рет (министр ретінде - авт.) келіп отыр. Сондықтан әріптестеріміздің, депутаттық корпустың атынан құттықтаймыз. Сізге жаңа жұмыста табыс тілейміз!», - деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Естеріңізге сала кетейік, 9 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар