Мәдениеттерді жақындастыру орталығы ЮНЕСКО-ның мәртебесіне ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдениеттерді жақындастыру орталығына ЮНЕСКО орталығының мәртебесі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 қарашада Парижде өткен ЮНЕСКО Бас конференциясының 39-сессиясы аясында әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бойынша комиссияның отырысында ҚР-дағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығына 2-санаттағы ЮНЕСКО орталығының мәртебесін беру шешімі бірауыздан мақұлданды. 
null 

«Қазақстан үшін бұл үлкен жетістік. Бұл мәртебені алу үшін бірқатар рәсімдерден өту керек. Біріншіден, бір немесе бірнеше мүше мемлекет мекеменің үміткерлігін ұсынады. Бұл қызмет - ЮНЕСКО Ұлттық комиссияларының жауапкершілігінде. Содан кейін өтініш беруші мекеме ЮНЕСКО Атқару кеңесіне ұсыныс дайындап, Ұйымның Бас конференциясының үміткерлігін ұсынады. Бас конференция бастаманы қарастырып, мәртебені беру туралы шешім қабылдайды», - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова.

Еске сала кетейік, «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» РМҚК 2016 жылдың наурызында құрылған болатын. Бұл орталық мәдениеттерді жақындастыру тарихын зерттеумен айналысады.
null 

Соңғы жаңалықтар