Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің басшысы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрбол Алманов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Нұрбол Алманов 1976 жылы 1 мамырда дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен «Тұран» университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасында «Таңшолпан» бағдарламасының редакторы болып бастаған. Әр жылдары «Таң» телерадиокомпаниясында, «НТК» және «КТК» телеарналарында, «BMP» кабельді бизнес телеканалында еңбек еткен.

2009-2011 жылдары «Нұр Отан» ХДП медиа-орталығының жетекшісі қызметін атқарған. 

2011-2012 жылдары «7-арнада» Жеке бағдарламалар дирекциясының директоры болған.

2012-2013 жылдары «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталықты басқарған.

2013 жылдан бері «Медиа Астана» продюсерлік орталығының бас продюсері болған. 

Фото  Нұрбол Алманов Facebook

Соңғы жаңалықтар