Мəскеуде Тəуелсіздік күніне орай салтанатты шара өтті

None
None
МƏСКЕУ. ҚазАқпарат - Мəскеуде Қазақстан Республикасының Елшілігі ҚР Тəуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға РФ Президент əкімшілігінің, Үкімет жəне сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Мəскеуде аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпустың жетекші құрамы жəне Мəскеудегі қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде РФ-дағы Қазақстанның Төтенше жəне Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов тұрақты дамудың 26 жылында Қазақстанның Тұңғыш Президент - Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен 90-жылдары тап келген сындарлы жылдарға төтеп беруде ғана емес, ауқымды реформалар жүргізуде де мол тәжірибе жинақтағанын атап өтті.

«Тəуелсіздік жылдары жалпы өнім көлемі 20 есеге ұлғайды. Ел экономикасына 265 миллиард доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Жаңа елордамыз - Астана заманауи Қазақстанның символына айналды жəне экономикалық өсімнің негізгі драйвер атанды. Қазақстан халықаралық қауымдастық пен əлемдік экономикада сенімді серіктеске айналды. Əлемнің 182 елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ өңірлік бірлестіктерін құруға атсалысты. Бірлесіп күш салу арқылы Мемлекет басшысының Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы бастамасы жүзеге асырылды», - деп атап өтті И.Тасмағамбетов.

Өз кезегінде РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 25 жыл ішінде қазақстан-ресей қарым-қатынастардың жаңа сапалы үлгісін құру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылғанын баса айтты жəне Ресейде Қазақстанмен стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың жоғары бағаланатынын, 25 жылда көреген мемлекеттік көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында екі ел серіктестігінің нығая түскенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар