Лукин Әбілязов ісіне қатысты: Шындық анықталу үшін барлық шара қабылдануда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «БТА» банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовтің қылмыстық ісіне қатысты шындық анықталу үшін барлық шара қабылдануда. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада заң ғылымының докторы, профессор Қалауша Бегалиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция өтуде.

«Сәйкесінше жұмыстар жүргізілу үстінде. Жедел тергеу тобы құрылған. Материалдар зерделеніп, шындық салтанат құруы үшін барлық шаралар қабылданып жатыр», - деді Андрей Лукин конференциядан тыс БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзов Қазақстанда, Ресейде және Украинада 11 бап бойынша айыпталған. 2009 жылғы 6 наурызда Әбіләзовке  халықаралық іздеу жарияланды, өйткені ол ҚР Қылмыстық Кодексінің  235-бабы 4-бөлігі, 176-бабы 3-бөлігі, 177-бабы 3-бөлігі, 193-бабы 3-бөлігі, 220-бабы 1-бөлігі және 228-бапта көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпталды. Ағымдағы жылдың 7 маусымында Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовті сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Соңғы жаңалықтар