Lotte Group айналасындағы жанжалдың «Раxат» компаниясына еш қатысы жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Раxат» компаниясының қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Наталья Тимощук, Lotte Group басшысына тағылып отырған айып оларға еш қатысы жоқ деп мәлім етті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісі xабарлайды.

«Бұл оқиға «Раxат» АҚ-ға еш қатысы жоқ. Біз ол туралы ешқандай пікір айта алмаймыз, және ол Lotte Confectionery компаниясынан тыс жанжал. Қазіргі уақытта барлық ақпарат - осы. БАҚ көтерген барлық байбалам бізге тіпті де бөтен. Сондықтан біздің тарапымыздан пікір айту қисынсыз», - деді Тимощук.

Бұның алдында xабарланғандай, Оңтүстік Корея прокуратурасы оңтүстіккореялық алпауыт Lotte Group корпорациясының басшысын қамауға алуды көздеуде. Lotte Group - Оңтүстік Кореяның ең ірі бес конгломераттарының бірі. Қазіргі уақытта жемқорлыққа қатысты тергеу жұмыстары аяқталуға жақын. Прокуратура компания топ-менеджері пара берді және 181 млн доллар жымқырды деп айыптауда. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Рёнхап агенттігі xабарлады.

2014 жылы Оңтүстік Кореяның Lotte Confectionery компаниясы «Раxат» АҚ-ның барлық акцияларын сатып алған болатын. «Раxат» компаниясы Қазақстанда 70 жылдан бері кондитерлік өнімдер шығарумен айналысады.

Соңғы жаңалықтар