Лос-Анджелестегі мерекелік отырыс кезінде қан төгілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында болған мерекелік отырыс кезінде кемінде 12 адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Құқық қорғау органы өкілдерінің хабарлауынша, мерекеге 50 адам қатысқан. Олардың арасындағы бірнеше адамның арасында дау туған. Олардың үшеуі отырыстан шығып кетіп, қолдарына қолдарына қару алып қайта оралған. Қарулы адамдар келе сала отырғандарға атыс қаруынан оқ жаудырған. Сол уақытта оқ атқандармен ерегіскен азаматтар оларға қарсы оқ жаудырды.

Қалалық полиция офицері Майк Лопестің айтуынша, атыс кезінде азаматтар түрлі дене жарқаттарын алған. Олардың екеуіңнің жағдай өте мүшкіл. Әзірге осы оқиғаның салдарынан мерт болғандар мен жарақат алғандардың есімдері белгісіз.

Ер адам мен 1 әйел күдікті ретінде қамауды отыр. Полиция олардың есімдерін жария еткен жоқ.

Соңғы жаңалықтар