Лондондағы террорлық актілерден зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондағы террорлық актілерден зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл жайында ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Лондон полициясы бүгін түнде болған оқиғаны террористік әрекет деп бағалады. Осы уақытқа дейін бар ақпарат бойынша, Лондондағы шабуылдар салдарынан қаза болған және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл алдын ала ақпарат. Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі тиісті анықтау жұмыстарын жалғастыруда», - деп жазды Әнуар Жайнақов.

null

Соңғы жаңалықтар