Лондондағы оқыс оқиға: 1,5 мың адам көшірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания астанасының ірі Стрэнд даңғылында көп мөлшерде газ шығуына байланысты бір жарым мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Оқыс оқиға салдарынан жақын маңдағы Лондонның орталық Чаринг-кросс вокзалы, Waterloo East теміржол стансасы жабылды. Аталағ аумақ қоршауға алынып, Стрэнд көшесіне кіретін жолдардың барлығы жабылған.

Лондон өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, Чаринг-кросс вокзалының маңындағы Крэвен-стрит көшесінде де газдан улану қаупі жоғары. Қазір мамандар газдың шығу себептерін айқындау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар