Лондонда қазақстандық-британдық іскерлік кеңестің екінші отырысы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда қазақстандық-британдық Үкіметаралық сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени комиссияның төртінші және қазақстандық-британдық іскерлік кеңестің екінші отырысы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық делегацияны ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек бастап барды. Форумда, сонымен бірге, мемлекеттік және орталық органдардың, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ өкілдері мен отандық кәсіпкерлер қатысты. Форум алаңында британдық тараптан саяси және қоғам қайраткерлері, дипломаттар мен сарапшылар,  клапандардың кең ауқымдағы спектрін өндіретін Severn Glocon Group, мұнай және энергетикалық сектор тұрғысында жұмыс жүргізетін Borkit SG JV, сонымен қатар Metalysis, Intellisense.io, UK Export Finance секілді ірі компаниялардың жетекшілері болды.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өз сөзінде Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігінің Үкіметіне және қазақстандық-британдық іскерлік кеңесін өткізу арқылы, екі елді іскерлік тұрғыда жақындастыра түскен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға алғысын білдірді.

Жеңіс Қасымбек 2016 жылы экономиканы әртараптандыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілгенін атап өтті. Өткен жылы кен өндіру 2,9% артып, 28,3 млн.тоннаға жеткен. Құрыш өндіру 9,2% артып, 4,3 млн.тоннадан асса, химиялық өнеркәсіп 22% өсіп, оның өндірісінен түскен түсім 3,1 млн АҚШ долларына жеткен.

2017 жылы қазақстандық-британдық серіктестіктің оң динамикасы байқалып отыр. Нақтырақ айтқанда, 9 айда Қазақстанның Ұлыбританияға экспорты 8,2% артып, 720 млн. АҚШ долларлық көрсеткішті көрсеткен.

Қазіргі таңда Қазақстан Бірлескен Корольдіктің қала технологиясы, оның ішінде OpenBIM стандарттарын құру тәжірибесіне қызығуда. Британ мамандары жұмысы BIM стандартына көшіріліп, 6D және 7D дәрежесіне жеткізген. Осының арқасында ұлыбританиялықтар жобаның жүзеге асу мерзімін айтарлықтай қысқартып, құрылыстың құнын төмендетуге, сметалық құжатты әзірлеу уақытын қысқартуға және құрылыс циклын цифрландыруға қол жеткізіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар