Лондонда автомобиль жаяу жүргіншілерді қағып кетті

None
None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Лондонда автомобиль жаяу жүргіншілер жолағында адамдарды қасақана соғып кетті. Оқиғадан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан  бірнеше адам зардап шекті. Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс жасап жатыр. Көлік апатына қатысты адам қамауға алынды», - деді Лондон полициясы.

Басқа дерек хабарланбады. Тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар