Лондонда алғаш рет скиф-сақ мәдениетінің көрмесі өтеді - Ұлыбритания елшісі

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кэролин Браун Өскеменде өткен «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық конференцияда Алтайды әлемге әйгілеген үш белгіні атап көрсетті, деп хабар береді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ең бірінші - оның ғажап сұлулығы. Екіншісі - түркілердің осы аймақтан тарағандығы, ал бұл өлкені әлемге танытқан үшінші себеп - Алтай өлкесіндегі бай әрі алуан түрлі археологиялық ескерткіштер», деді Кэролин Браун. Елші халықаралық конференцияны ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, «Мен конференция қатысушыларына келесі аптада Лондондағы Британия мұражайында Ұлыбританиядағы тұңғыш скиф және сақ мәдениеті мен өнері көрмесі ашылатынын жеткізуге өте қуаныштымын», - деді.

Елшінің айтуынша, көрме үш ай бойы ашық болады және Алтай мен Шығыс Сібірдегі археология тарихының, мәдениеттің халықаралық мәнін арттыра түспек.

Соңғы жаңалықтар