Лилия Рахтың ісіне қатысты айыпталушылар кінәларын мойындамады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Лилия Рахтың ісіне қатысты айыпталушылар кінәларын мойындамады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Басты сот отырысында прокурор айыптау актісін оқып болған соң адам ұрлады деген айып тағылған Лилия Рах, Мири Паз, Ислам Мисиров және Бақыт Шалбаевтар кінәларын мойындамады.

Сотта жапа шегуші Хамро Сувановтың мәлімдемесі тыңдалды.  Өз мәлімдемесінде ол Лилия Рахпен 7 жылдан астам уақыт, ал Мири Пазбен 5 жылдан бері таныс екенідігін айтты. Ислам Мисировты ол бұрын Мири Паздың дүкенінде көргенін, ал Бақыт Шалбаевты өзін ұрлағанға дейін білмегенін жеткізді.

Оның сөзіне қарағанда, ол Лилия Рахқа қарызын қайтару үшін Ташкентте болған және өзінің пәтерін Лилия Рахпен ортақ таныстарының біріне ресімдемек болған. 

«Қайтып келгенде күтіп ала ма жоқ па білейін деп жүргізуші Айдосқа қоңырау шалдым. Ол өзі емес, досы Ербол күтіп алатынын айтты. Ұшып келгеннен кейін күтіп алатын көлікке қарай беталдым, кенеттен біреу менің қолыма жармасты.  Бұл Наград болатын, мен оны бұрыннан танитынмын. Ол Лилия Робертовна сөйлескісі келетінін айтты», - деді Хамро Суванов.

Кейін ол Рах пен өзіне таныс адамдарды көрген. Лилия Рах жапа шегушіден: «Қайда жоғалып кеттің?», - деп сұраған. Олар өздерімен бірге жүруді талап еткен, ал  Мири Паз оның айтқанын тыңдасын деген.

Іс бойынша тыңдалымдар кезінде Хамро Суванов ломбардқа тапсырған бағалы заттарды жасыру ойында болмағанын және оны көрсетуге дайын болғанын атап өтті. Онда Мири Пазға тиесілі шамамен 25-30 бұйым, ал жалпы алғанда  70-ке жуық, соның ішінде Хамро Сувановтың жалпы сомасы 44 млн теңгені құрайтын бағалы бұйымдары болған. Жапа шегуші оны сатып алып үлгермеген.  

Сувановтың сөзіне қарағанда, Мири Паз егер оны тыңдамаса, жанұясына қастандық жасайтынын айтып қорқытқан.

«Біз ломбардқа барамыз деп  келістік. Рах өзінің әшекей бұйымдарын өзі сатып алатынын айтты. Мен оған пәтер жайлы баяндап, қарызымды қайтаратынымды, солай арадағы мәселе шешілуі тиістігін түсіндірдім», - деді жапа шегуші Суванов.

Бұдан соң ол Мири Паз және Ислам Мисировпен бірге Шевченко көшесіндегі пәтерге барған. Жәбірленушінің айтуынша, оған еденге жатуға бұйрық беріліп, қол-аяғын байлап тастаған. Содан кейін бөлмеге Лилия Рах келіп кеткен, кейіннен Сувановтың босатқан. Лилия Рахтың айтуынша, ол бұдан кейін кетіп қалған. Ары қарай олар  Ислам Мисировтың көлігімен Есікке жетіп, жеке үйге келіп түскен.

«Мисиров пен Шалбаев мені кезек кезек қарауылдап отырды. Мири Паз менен әр жолы түрлі көлемдег қаржыны талап етті, ең соңғысында 1,2 млн доллар бопсалады. Лилияға мен 31 мың доллар және бір миллион теңге қарыз едім. Мен байлаулы тұрғасын кіші дәретімді астыма жібере бастадым, олар маған памперс кигізді, екінші күні аяғымды да арқанмен байлады, үшінші күні бетімді скотчпен орады», - деді Суванов.

Хамро Сувановтың айтуынша, соңғы күндері Ислам Мисиров пен Бақыт Шалбаев оған дәрі және аздап тамақ берген.

Бұған дейін хабарланғанындай, сот айыпталушы Лилия Рах пен Мири Паздың адвокаттарының оларды қамау туралы шешімді өзгерту жөніндегі өтінімхаттарын қабылдамаған еді. Айыпталушыларды қамау мерзімі 2016 жылдың 15 желтоқсанына дейін ұзартылды. 
Осы іске қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталды. Олар: Лилия Рах, Мири Паз, Ислам Мисиров және Бақыт Шалбаев.

Лилия Рах, 1962 жылы туған. Байер, Sauvage бутигінің және «люкс» дәрежелі бірнеше дүкен иесі.

Соңғы жаңалықтар