Лилия Рах сот алдында қайта жауап беретін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Лилия Рах сот алдында қайта жауап беретін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Гаухар Сәлімбаева қорғауындағы Лилиядан қосымша жауап алу туралы өтінім берді.

Сондай-ақ, аталған іс бойынша жауапкер болып отырған Мисиров пен Шалбаев та апелляциялық шағым түсірді. Бүгінгі отырысқа тек жауапкер Мири Паз қатысты.

Өтінімді қарауға алған сот Рах, Шалбаев, Мисировты қатыстыруға шешім шығарды. Келесі сот отырысы 18 қаңтарға қалдырылды.

Еске салайық, 23 тамызда Sauvage бутигінің иесі Лилия Рах адам ұрлады деген күдікпен қамауға алынған болатын.

Алмалы аудандық сотының судьясы Қуаныш Әріпов Лилия Рахты 7 жылға, Мири Пазды - 7,5 жылға, Бақыт Шалбаев пен Ислам Месировті 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын. Сонымен қатар, сот олардың мүліктерін тәркілеу туралы шешім шығарды .

Рахтың қорғаушысы Владимир Хан мен жәбірленуші Хамро Суванов болса, сот үкімінің тым қаталдығын айтып, апелляциялық шағым түсірген еді.

Соңғы жаңалықтар