Ли Кэцян ҚХР Мемкеңесінің Премьері болып тағайындалды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат -Бүгін 13-ші шақырылымдағы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының тарихи 1-сессиясында ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің және басқа да конституциялық органдардың кандидаттары бекітілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері лауазымына Ли Кецян, Орталық әскери кеңес төрағасының орынбасарлары ретінде Сюй Цилян және Чжан Юся бекітілді.

Жаңа конституциялық құрылым - Мемлекеттік қадағалау комиссиясының төрағасы лауазымына Ян Сяоду сайланды, Жоғарғы халық сотының төрағасы лауазымына - Чжоу Цян, Жоғарғы халық прокуратурасының бас прокуроры лауазымына - Чжан Цзюнь бекітілді.

Лауазымды тұлғалардың барлығы Конституцияға адал болуға ант берді. Бұл рәсім Қытайдың Негізгі заңына енгізілген түзетулерге сәйкес алғаш рет өткізіліп отыр.

фото:asiaone.com

Соңғы жаңалықтар