Левитке Азия чемпионатының финалына шығу үшін екі минут жеткілікті болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Василий Левиттің құрлықтық біріншіліктің ақтық сынына шығу мәселесі жартылай финалдың бірінші раундында-ақ шешілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Левиттің қарсыласы сириялық Алаа Элдин Гуссун болды, ол бірден шабуылдауға көшті. Бірақ қазақстандық спортшы қарсыласының әр шабуылын ұтымды пайдалана біліп, соққылар жаудырып отырды. Осылайша, жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылып, біздің боксшы жеңімпаз атанды. 

Соңғы жаңалықтар