Леонардо Ди Каприо қоры табиғатты қорғауға 20 млн доллар бөлді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голлувудтық кино жұлдызы Леонардо Ди Каприо қоры қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламаларды дамыту мақсатында жүзден астам ұйымдарға қомақты қаржы бөлді.

 Аталмыш қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаражат жабайы табиғатты сақтау бағдарламаларына, байырғы халық құқықтарын қорғауға көмек және ауа райы өзгерістерімен күреске бағытталған инновациялық күштерді қолдау мен  күрделі экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған.

Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 20 миллион долларды құрайды, бұл Ди Каприо қоры үшін рекордтық көрсеткіш.

Айта кетейік, «Оскар» сыйлығының лауреаты Леонардо Ди Каприо өзінің қоршаған ортаны қорғау бойынша қайырымдылық істерге белсене араласқаны  үшін 2014 жылы БҰҰ-ының ауа-райы мәселелері бойынша әлем елшісі болып тағайындалған болатын. 

Соңғы жаңалықтар