Леффлер реванш туралы: Басында Альваресті ұстай алмадық, енді Геннадийді күтіп жүрміз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - GGG-дің промоутері Том Леффлер мексикалық боксшы Сауль Альвареске қарсы реванштың келіссөздері не себепті ұзарып кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Мәселе мынада, алғашқы жекпе-жектен кейін «Канело» бірден шетелге кетіп қалды. Әйтпесе, Эрик Гомес екеуіміз реванш мәселесін екі аптаның ішінде шешіп алатын едік. Содан «Канелоның» жауабын күтуге тура келді. Енді, Геннадий Қазақстанға кетіп қалды. Сөйтіп, басында Альваресті ұстай алмасақ, енді Геннадийді күтіп жүрміз. Алдағы уақытта Лос-Анжелесте  бәріміз бір үстелдің басында жиналып, келіссөздерді жалғастыратын боламыз», - дейді Т.Леффлер.

Промоутердің айтуынша, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің реваншы бойынша келіссөздерге нақты дедлайн қойылған жоқ.

«Біз әлі нақты келісімге келген жоқпыз. Алайда келіссөздер ойдағыдай өтеді деп ойлаймын. Себебі дәл қазір ешқандай қиындық жоқ», - деп атап көрсетті Т.Леффлер.

Айта кетейік, бұған дейін «Golden Boy Promotions» компаниясының президенті Эрик Гомес келіссөздердің аяқталуға жақын екенін мәлімдеген болатын. Алайда екі жақ реваншты өткізетін жерді әлі анықтаған жоқ. Егер екінші жекпе-жек қайтадан Лас-Вегаста өтсе, әділсіз төрешілікке тағы жол беріледі деген болжам бар. Соған қарамастан, Сауль Альварестің командасы реваншты дәл сол жерде өткізуге мүдделі. 

Соңғы жаңалықтар