Леффлер Головкин - Джейкобс жекпе-жегінің сатылымы жайлы болжамдарымен бөлісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Промоутер Том Леффлер Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс айқасының коммерциялық табысына қатысты өз болжамдарын айтып берді, деп жазды Sports.kz.

«Егер Дэнни Джейкобс секілді Нью-Йорк жұртшылығына танымал боксшының кездесуін өткізсең және оған Геннадийді қоссаң, жанкүйерлердің тамаша белсенділігін көруге болады. Билеттердің сатылымына деген қызығушылық орасан. Жекпе-жек АҚШ-та НВО PPV арнасынан әлемнің жүзден астам еліне трансляцияланады. Екі боксшы да бір-біріне мықты қарсылас болғалы тұр», - деді Леффлер Boxingscene.com сайтына.

Геннадийдің PPV арқылы көрсетілген алдыңғы жекпе-жегі 150 мыңнан астам трансляциялық сатылымға ықпал етті. Көптеген адам Джейкобспен айқаста бұл көрсеткіш жоғары болу керек деп есептейді, сонда Головкин Сауль Альвареспен болатын ықтимал кездесу үшін көбірек ұпай жинайды. Алайда промоутер 18 наурызға дейін олардың Джейкобске көңіл бөлгенін, Канеломен кездесу шаруаларын кейінге ысырғанын мәлімдеді.

«Барлығы 18 наурызға назар аударып отыр, себебі Головкин бұл айқаста жеңіп шықпаса, болашақтағы барлық жоспардың күлі көкке ұшады. Оның барлық атақтары қолдан сусып кетеді. Бұл уақытта Дэнни де өзінің мықты екенін көрсеткісі келеді. Бұл жекпе-жекте жеңілген боксшы болмайды. Екеуі де өз бейінін көтереді. Бізде 100 долларлық 5000 билет бар және бұл сомаға сіздер GGG, Дэнни Джейкобс және Роман Гонсалес сынды боксшыларды көресіздер. Қосымша өзге де андеркард кездесулер жанкүйерлер үшін құнды болмақ. Әрине, мұндай қауіпті кездесуден екі боксшы да жақсы сыйақы алғысы келеді. Бірақ біз оқиға қатысушылары үшін де, телеарна көрермені үшін де құндылықтарды арттырамыз», дейді промоутер.

Соңғы жаңалықтар