Леффлер Головкин болмашы дүние үшін үлкен тәуекелге бармайды деп үміттенеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО) пен Джулиус Индонго (22-1, 11 КО) қолғап түйістіретін алғашқы жартылай салмақтағы біріктіруші кездесудің қаржылық шарттарына таң қалып отыр, деп хабарлайды Sports.kz.

«Индонго болмашы ғана гонорар үшін өзінің чемпиондық белдіктерін тікпекші. Мен мұндай жағдай Головкинмен ешқашан болмайды деп үміттенемін»,-деп жазды Леффлер өзінің твиттердегі парақшасында.

Әзірге боксшылардың осы кездесу үшін алатын қаржыларының көлемі белгісіз. Алайда Нидонгода ол 6 саннан тұратыны белгілі. Яғни бұл сома миллион доллардан аспайтын. Кроуфорд үшінші раундта нокаутпен жеңіп, өзінің дивизионындағы абсолютті чемпион атанды.

Соңғы жаңалықтар