Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 340.35
EUR 405.46
RUB 5.87
CNY 51.64

Ләззат Қиынов: Сенатта қызмет жасаған зор құрмет

Ләззат Қиынов: Сенатта қызмет жасаған зор құрмет
2017 жылғы 14 қыркүйек 12:55 841

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында бұрынғы сенатор Ләззат Қиынов әріптестері мен Елбасына алғысын айтты , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Президентінің Жарлығымен әріптесіміз Ләззат Кетебайұлы Қиыновтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды. Ләззат Кетебайұлын өздеріңіз жақсы білесіздер, ұзақ жылдары мұнай саласында басшылық қызметтер атқарды. Елбасының сеніміне ие болып, Маңғыстау облысының әкімі лауызымында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолында қажырлы еңбек етті. Парламент қабырғасында Президенттің стратегиялық міндеттерін табысты орындауға қажетті заңнамалық негізгі қалыптастыруға қомақты үлесін қосты. Заң жобаларын терең зерделеп, қоғамның түйткілді мәселелері жөнінде мазмұнды пікір, салмақты ой айтты. Сіздің мол өмірлік тәжірибеңіз, салмақты ой-пікірлеріңіз бен терең біліміңіз алдағы уақытта Қазақстанға керек болатынына сенеміз», - деді Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жалпы отырыс барысында Ләззат Қиынов Сенаттың «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

«Әрбір қызметтің өз шегі болады ғой. Міне, бүгін сіздермен қызмет жасайтын жолымның аяқталған күні. Өмір жолымда түрлі жұмыстарды атқардым және адал әрі таза қызмет етуге тырыстым. Ал енді оның қолымнан келгенін немесе келмегенін қызметтес азаматтар бағалай жатар. Осы өмір жолымда Сенатта өздеріңіз секілді ел азаматтарымен қызмет жасағаныма өте ризамын», - деп атап өтті Ләззат Кетебайұлы.

Ол бұл тұрғыда жақсы қарым-қатынастары үшін барша сенаторларға алғысын білдірді.

«Атап айтқанда, Президентіміз, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа өзімнің үлкен рахметімді айтқым келеді. Мен ауылдағы қарапайым мұғалімдердің баласымын. Бірақ үлкен жетістіктерге жетіп, лауазымды қызметтерді атқардым. Осының барлығы Елбасының арқасы», -деді ол.

 

 

Басты сөздер: Сенат, Қоғам,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер