Латын қарпімен жазылған жеке куәліктер қай кезде беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстанның латын графикасына көшуі кезең-кезеңмен жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының айтуынша, бүгінгі жоспар үш кезеңнен тұрады. Бас кезінде дайындық жұмыстары атқарылса, үш жылдан кейін жеке куәліктер және басқа да құжаттар латын қарпінде беріледі. Ал 2024 жылдан бастап іс қағаздар латынға көшірілетін болады.

"Жақында Мемлекет басшысы латын графикасының жаңа нұсқасын бекітті. Ендігі кезекте жаңа әліпбидің емле-ережесін әзірлеу керек. Оқытудың жаңа әдістемесін жасап, оны ақпараттық теxнологияларға бейімдеу жұмыстары күтіп тұр. Сонымен қатар қазақ әліпбиінің латын графикасындағы терминологиялық қорын толық жүйелеу керек", - дейді А.Мұxамедиұлы.

Министрдің сөзіне қарағанда, латын графикасына қатысты барлық шараларды тиімді атқару үшін Шайсұлтан Шаяxметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру орталығын қайта құру арқылы "Тіл-қазына" республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы құрылатын болады. Аталған орталық осы саладағы барлық мекемелердің жұмысын ұйымдастырады.

Соңғы жаңалықтар