Латын әліпбиіне көшуді түсіндіру үшін блогерлерге ақша бөлінбейді - министрлік

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешов «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің сұрақтарына жауап бере отырып, латын әліпбиі бойынша түсіндіру жұмыстарына блогерлерді жұмылдыруға қатысты көпшілікке таралған ақпарат қызметтік қателіктің салдарынан туындағанын хабарлады.

«БАҚ-та жарияланған ақпараттың арқасында келесі мәселе анықталды,  «Электрондық үкімет» порталында Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру бойынша 2025 жылға дейінгі мерзімге арналған іс-шаралар жоспарының мақұлданбаған жобасы жарияланған. Жұртшылыққа әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлінбегенін жеткізгіміз келеді», - деп атап өтті Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкері.

Сондай-ақ, Мелдешов қателік жіберген ведомство қызметкерлерінің жауапкершілікке тартылатынын, ал бекітілген Жоспардың жобасы таяу күндері «Электрондық үкімет» онлайн-порталында жарияланатынын мәлім етті.

 

Соңғы жаңалықтар