Латын әліпбиі түркі елдерімен достастығымызды нығайтуға ықпал етеді - ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесіне қатысты ойымен белгілі ғалым, ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, латын әліпбиі түркі елдерімен достастығымызды нығайтып, ұлттық кодымызды сақтауға мүмкіндік береді.

«Мен латын әліпбиіне өтуді қолдаймын. 1994 жылдан бері осы мәселені егжей-тегжейлі зерттеп келемін. Сол уақыттан бері латын әліпбиі арқылы ғылым мен инновацияның тілі ағылшын тілін үйрену оңай болатынына көзім жетті. Латын әліпбиі түркі елдерімен достастығымызды нығайтып, ұлттық кодымызды сақтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қазақ тілінің көркеюіне әкелері сөзсіз», - деді Мұрат Жұрынов.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі қоғам талқылауына ұсынылған болатын.

Соңғы жаңалықтар