Латын әліпбиі мемлекеттік тіліміздің рөлін биіктете түседі - ҚХА-ның үндеуі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесінің бүгінгі кеңейтілген мәжілісінде ұйым мүшелері латын әліпбиін енгізуге қатысты жалпыxалықтық үндеу жасады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл - обьективті қажеттіліктен туындаған уақыт талабы. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жалпыұлттық біріктіру факторы ретінде мемлекеттік тілдің рөлін одан әрі биіктете түсетініне, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтатынына, ұлттық кодымызды сақтауды қамтасыз ететініне нық сенімдіміз. Латын графикасы көп тілділіктің дамуына жағдай жасайды. Қазақстанның әлемдік экономика мен коммуникацияларға, ғылым мен мәдениетке интеграциялануы үшін, Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымына кіру үшін, қоғам өмірінің барлық салаларын цифрландыру принципінде үшінші жаңғыртуды жүргізу үшін ұзақ мерзімді әсер бере алады", - делінген ұйымның үндеуінде.

Бұдан бөлек, Ассамблея мүшелері латын арқылы шетелде тұратын отандастарымызбен руxани жағынан жақындаса түсуге болатынын ерекше атап өтті.

"Негізі, бұл құжат жай трафарет емес. Қазіргі кезде Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері де біздің пікірімізді күтіп отыр. Сондықтан біз бүгінгі бастамаға үн қосып, латын әліпбиінің бірыңғай стандартын xалық арасында түсіндіру жұмыстарына атсалысуымыз қажет", - деп атап көрсетті ҚХА Төрағасының орынбасары Дарxан Мыңбай бүгін ұйымның ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Алдағы уақытта Ассамблея мүшелері латын әліпбиіне арналған бірқатар шараларды өткізетін болады. Бұдан бөлек, ұйымның ресми сайтында арнайы айдар ашылады. Ал мүшелері өз пікірлерін отырыстарда ғана емес, әлеуметтік желілерде де ашық айтпақ.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста Дарxан Мыңбай латын әліпбиін қолдануда "ҚазАқпараттың" еңбегін ерекше атап өтті.  Ал Аxмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек қазақстандықтар арасындағы "ә", "ө", "ү" сияқты қазақ әріптерінің латын нұсқасына қатысты сынына жауап берді.  

Соңғы жаңалықтар