Лаңкестер Ұлыбритания премьеріне шабуыл жасамақ болған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның қауіпсіздік қызметі Біріккен Корольдіктің премьер-министрі Тереза Мэйдің өміріне қастандық ұйымдастырмақшы болған екі азаматты ұстады, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл жайлы 6 желтоқсан күні MI-5 британдық контрбарлау қызметінің басшысы Эндрю Паркерге сілтеме жасап The Independent мәлім еткен.  

Паркер алды алынған шабуыл жөнінде 4 желтоқсан күні министрлер кабинетіне берген баяндамасында айтқан. Өткен аптада Лондон мен Бирмингемде лаңкестікке қарсы рейд барысында екі азамат ұсталып, оларға терроризмге қатысты айыптар тағылды. Күдіктілер Даунинг-стритте орналасқан британ үкіметі басшысының кеңсесінің кіреберісіне жарылғыш заттар орнатып, кейін Мэйге пышақпен шабуылдауды жоспарлаған. Ұсталғандар 6 желтоқсан күні сот алдында жауап беретін болады.

MI-5 басшысы сондай-ақ, министрлерге ағымдағы жылы тоғыз лаңкестік шабуылдың алдын алуға мүмкін болғанын жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар