Лангкави туры кезеңі: «Астана» велошабандозы жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзияда өтіп жатқан Лангкави турында «Астана» велошабандозы Риккардо Минали кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат велокоманда сайтына сілтеме жасап.

«Астананың» жас спринтері бірінші санаттағы тау бөктерін еңсере отырып, 208,3 шақырымға созылған күрделі кезеңнің соңын әдемі аяқталды.

Тау бөктерінен өту кезінде жарыс көшбасшысы италиялық Андреа Гуардини қарсыластарынан қалып қойды. Осылайша, Минали сары жейдеге ие болып, жарыстың жаңа көшбасшысы атанды. Сондай-ақ ол ұпай сандары бойынша да алғашқы орыннан көрінді.

Жақсы нәтижені сондай-ақ қазақстандық жас велошабандоз Евгений Гидич көрсетті. Ол төртінші болып келіп, бас квалификацияда алты орынға көтерілді.

Малайзия турының алда тағы алты кезеңі бар.

Соңғы жаңалықтар