«Ла Скала» театрының Астанаға гастролі аясында билеттер қолжетімді болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыркүйек айында Астанада өтетін «Ла Скала» театрының гастролі аясында көрермендерге арналған билеттер құны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Гастроль кезінде бұл ұжымының өнерін тамашалау үшін билеттер қолжетімді. Атап айтқанда, билет құны 1 мыңнан 30 мың теңгеге дейін жетеді»,-деді «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, қыркүйек айында, яғни ЭКСПО көрмесінің аясында 1, 4, 6, 8 қыркүйекте атақты италиялық ұжым «Астана Опера» сахнасында Дж. Вердидің операсы «Фальстафты» ұсынады, ал 7 және 9 қыркүйекте Бетховеннің жауһар туындысы - ғаламат №9 симфониясы заманымыздың көрнекті маэстросы Зубин Метаның жетекшілігімен орындалады.

Осы орайда Ғ. Ахмедьяров елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына ерекше әрі қызықты спектакль ұсынылатынын атап өтті.

«Ла Скала» театрының бас директоры және көркемдік жетекшісі Александро Перейра театр ұжымы Астанаға толық құрамда келетінін атап өтті.

«Бұл біз үшін ең маңызды жобалардың бірі. Атап айтқанда, биыл бізді басқа екі елге шақырған болатын. Бұл ретте Қазақстанға сапарлауға келістік, себебі Астана жаңа мәдени орталық»,-деді ол.

Айта кетейік, «Ла Скала» театрының гастрольдері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «ЭКСПО-2017» бағдарламасы аясында өтеді. Барлық шығындарды демеушілік көрсетіп отырған «Eni» өзіне алып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова әлемге әйгілі «Ла Скала» театрының бас директоры және көркемдік жетекшісі Александр Перейраменкездесті.

Соңғы жаңалықтар