Қызын ваннадағы ыстық суға құлатып алған қарағандылық жазадан босатылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Екі жасар қызын абайсызда өлтіріп алған Қарағанды тұрғыны қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ешқайда кетпеу туралы қолхат» берілген 43 жастағы әйел кісі өз кінәсін мойындады. Құқық қорғау органдары қылмыстың абайсызда болғанын, сондай-ақ оның есту қабілетінің болмауын және үшінші топтағы мүгедек екендігін ескеріп, оны жауапқа тартудан босату туралы шешім қабылдады. ҚР ҚК 104-бабы «Абайсызда қазаға ұшырату» бойынша қылмыстық істі тоқтатты.

Диана есімді қаза тапқан қыз балалар церебалды сал ауруымен ауырған. Ол бұрын сауықтыру квотасы бойынша Астанадағы медициналық орталықта ем қабылдаған.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2017 жылдың 9 ақпан күні Қарағандының Октябрьский ауданында болды. Есту мүкістігі бар үшінші топ мүгедегі, 43 жастағы әйел абайсызда екі жасар қызын ваннадағы ыстық суға құлатып алды. Бүлдіршін күйік шалып, көз жұмды.  

Соңғы жаңалықтар