Қызылордалықтар заңсыз сақтаудағы қарулары үшін 15 млн теңге алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының тұрғындары заңсыз сақталып келген 264 атыс құралын ерікті түрде тапсырды. 

Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап хабарлады.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында  2017 жылғы 10 сәуірден бастап республика аумағында халықта заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өтемді түрде сатып алу акциясы жүргізіліп жатқаны белгілі.

Акция басталған уақыттан бері Қызылорда өңірінің тұрғындарынан 264 атыс қаруы, оның ішінде 20 дана иір ойықты, 244 тегіс ұңғылы атыс қаруы қабылданды.

Атыс қаруын ерікті түрде тапсырғандарға ақшалай сыйақы беру үшін республикалық бюджеттен Қызылорда облысына 15 миллион теңге бөлінді. 

Соңғы жаңалықтар