Қызылордалықтар Азия чемпионатында үш медаль олжалады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Астана қаласында грэпплинг бойынша  әйелдер мен ерлер  арасында  Азия чемпионаты мәресіне жетті. Айтулы бәсекеде Қазақстан құрама командасы 41 медаль олжалап, жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Олардың қатарында қызылордалық спортшылар - 71 келі салмақта Руслан Мұстафа Азия чемпионы атанса, осы салмақта Диана Сәдуақасова грэпплинг ги және грэпплинг ноу-ги бойынша күміс жүлделерді иеленді.
null 

Облыстың аға жаттықтырушысы Арман Мәделхановтың айтуынша, спортшылар енді үстіміздегі жылдың 19-21 қазаны аралығында Баку қаласында (Әзірбайжан) өтетін Әлем чемпионатына қатысады. Сондай-ақ, панкратионнан бес спортшы Сочи қаласында (Ресей) жалауы желбірейтін Әлем чемпионатында облыс намысын қорғайды. 

null

Соңғы жаңалықтар