Қызылордалық тұрғын полицияға қол жұмсаймын деп 2 жылға сотталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылордалық азамат Қызылорда стансасы желілік полиция бөлімі қызметкеріне қол жұмсағаны үшін 2 жылға сотталды, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық сотқа сілтеме жасап.

Сот мәліметтеріне қарағанда, облыс орталығындағы теміржол вокзалында қоғамдық тәртіпті бұзған тұрғын полиция қызметкерлерінің назарына түсіп, желілік полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Тәртіп бұзу әрекетіне байланысты әкімшілік хаттама толтыру барысында ол тәртіпке бағынбай, полиция қызметкерінің біріне қол жұмсаған.

Қалалық сот оны кінәлі деп тауып, 1 жыл 10 айға бас бостандығынан айырды.

Соңғы жаңалықтар