Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 330.00
EUR 390.72
RUB 5.65
CNY 50.13

Қызылордалық судьялар экология мәселесінің құқықтық тетігін талқылады

Қызылордалық судьялар экология мәселесінің құқықтық тетігін талқылады
2017 жылғы 10 қараша 21:26 457

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылорда облыстық сотында экология заңнамасына қатысты мәселелер қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен «Экология заңнамасын қолдануда туындайтын мәселелер» тақырыбында жиын өтті. Аталған шараға судьялар, прокурорлар, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

Шараны облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхады Шығамбаевтың ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелер туралы айтты.

«Экология заңнамасын бұзудан туындайтын әкімшілік және азаматтық істерді қарау барысында соттардың экологиялық заңнамалардың дұрыс қолданылуына ерекше назар аударуы қажет», - деді Әділхады Шығамбаев.

Сондай-ақ, жиын барысында экологиялық заңнамаларын колдану бойынша сот тәжірибесінің мәселелері, жургізілген тексеру нәтижесімен анықталған заң бұзушылықтар бойынша жауапкершілікке тарту кезінде туындайтын даулар, әкімшілік істерді қарауда экологиялық заңнаманы колдану туралы азаматтық істерді қарау кезінде туындаған мәселелері талкыға түсті.

Жиын соңында сот мамандары экологиялық заңнаманы қолдануда туындайтын дауларды шешу мақсатында тұрақты түрде шолу жасауға және жұмыс барысында олқылықтарды болдырмас бірнеше ұсыныстар ұсыныстар әзірледі.

Айта кетейік, Елбасы өзінің Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам еңбегінің II. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бөлімінің көптеген қадамдарында сот үстемдігіне тоқталып өткен болатын. Жоспардың 16-қадамда:  Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанциясын оңтайландыру көтерілді. Сонымен бірге бес  сатылы сот жүйесінен   (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау жасау) үш сатылы (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне көшу айтылды. 


Қызылордалық судьялар экология мәселесінің құқықтық тетігін талқылады 

 

Басты сөздер: Қызылорда облысы, Сот, Экология,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер