Қызылордалық спортшылар тректен ҚР чемпионатында бірінші орынды иеленді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Астана қаласында өткен тректен Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионатында қызылордалық спортшылар 4 шақырымдық командалық жарыста бірінші орынды иеленді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Команда құрамында облыстық жоғары спорт шеберлігі және №3 велоспорт жөніндегі балалар-жасөспірімдер мектептерініңтәрбиеленушілері Асылхан Тұрар, Карим Бузин, Мади Әзен және Роберт Гайнеевтер өнер көрсетті.

Сондай-ақ, мэдисон сынында Асылхан Тұрар мен Роберт Гайнеев қола жүлдені еншіледі.

Жалпы, жарыста еліміздің он үш облысынан 100-ден аса спортшы бақ қатысты.

 

null 

Соңғы жаңалықтар