Қызылордалық спортшылар сапы ҚР және халықаралық дәрежедегі шеберлермен толықты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Бүгін «Мұз айдыны» спорт кешенінің мәжіліс залында ағымдағы жылдың үшінші тоқсанын қорытындылаған алқа мәжілісі болып өтті,деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Мәжіліске аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімдері басшылары, балалар-жасөспірімдер спорт  мектептерінің директорлары, орынбасарлары қатысты.

Мәжілісті бастау алдында басқарма басшысы Садық Мұстафаев тоғыз спортшыға ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР  спорт шебері куәліктерін  тапсырды.

Күн тәртібінде облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі, облыстық олимпиадалық резерв даярлау орталығы, №3 облыстық велоспорт және №4 футбол жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерінің білікті спортшылар мен спорт резервтерін дайындау жұмыстары жайлы хабарламалар жасалынды.

Алқа мәжілісі қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылдады.

 

Соңғы жаңалықтар