Қызылордалық палуан белбеу күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Ресейдің Набережные Челны қаласында белбеу күресінен өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз, Шиелі ауданының тумасы Райымбек Рантаев күміс жүлдені иеленді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

62 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Райымбек халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

Рантаев1996 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Ол биылғы жылы Астана қаласында белбеу күресінен ересектер арасында өткен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанса, Жаңақорған ауданында Қазақстан кубогын иеленді. Түркіменстанның Ашхабад қаласында ересектер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдесін еншіледі. Жасөспірімдер және жастар арасында Қазақстан чемпионатының жеңімпазы.

Сондай-ақ, қазақ күресінен жасөспірімдер арасында екі мәрте Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Бразилия, 2012 ж.). ҚР спорт шебері. Жаттықтырушылары: Ғабит Тәжбенов, Мейрамбек Тәжбенов.

Ол Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша 3-курста оқиды.

Аталған әлем чемпионатына 42 мемлекеттің спортшылары бақ сынасты.

Соңғы жаңалықтар