Қызылордалық ғалымдар 95 млн теңге грантқа мұнайды өңдеу технологиясын зерттейді

None
None
   ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында университет ғалымдары құны 95 млн. теңгені құрайтын «Инновациялық технология бойынша мұнай құрамды қалдықтарды өңдеу» ғылыми жобасының грантын жеңіп алды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі университетке сілтеме жасап хабарлады.

Жобаның негізгі мақсаты табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, шикізат пен өнімді қайта өңдеу болып табылады.

Бүгінде осы жобаға байланысты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің инженерлік-бейіндік зертханасында Германиядан келген арнайы қондырғы жасау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, Елбасы өзінің Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам еңбегінің 64-қадамында өндіріске инновациялар енгізу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру тетіктері бар «Ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заңның әзірленетіндігін атап көрсеткен болатын. Сонымен бірге ғылыми гранттар мен бағдарламалар құрылымдары индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қажеттілігіне орай қайта бағытталатыны айтылды. 

Соңғы жаңалықтар