Қызылордалық Елдос Ермаханов 3 дүркін Азия чемпионы атанды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА.ҚазАқпарат - Манилла (Филиппин) қаласында пауэрлифтингтен өткен Азия чемпионатында қызылордалық Елдос Ермаханов алтын жүлдені иеленіп, қазақ елінің туын көкте желбіретіп, әнұранын шырқатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүрген Елдос 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 217,5 келі зілтемірді көтеріп, 3 дүркін Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ, ол классикалық, жатып көтеруден Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.
null

Ол бұған дейін 9 дүркін Қазақстан чемпионы, 2015, 2016 жылдардағы 2 дүркін Азия чемпионы, 2013 жылғы жастар арасында Әлем чемпионы, биылғы жылдың ересектер арасындағы Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері атанған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Оны жарысқа Роман Ковалев пен Бақытбек Рысбаев дайындады.

Елдос келесі жылы Финляндияда өтетін Әлем чемпионатына қатысады.

Соңғы жаңалықтар