Қызылордалық боксшылар Болгарияда шеберліктерін дәлелдеді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Болгарияның София қаласында өткен «Странджа» атты халықаралық бокс турнирінде қызылордалық былғары қолғап шеберлері жақсы өнер көрсетіп, ел абыройын асқақтатты, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Жарысқа Қазақстаннан 7 спортшы қатысып, Сыр елінің боксшылары ғана өздерінің мықтылығын дәлелдеді.

null 

Атап айтқанда, 75 келі салмақта сынға түскен Тұрсынбай Құлахметов финалда болгар спортшысын 5:0 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Ал 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Қамшыбек Қоңқабаев қола жүлдені еншіледі.

null 

Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын қос спортшыны жарысқа Ғалым Байғұндиев пен Жәміл Жүсіпов дайындады. Спортшылар алдағы уақытта Өзбекстанда өтетін Азия чемпионатына дайындалуда.

nullnull 

Соңғы жаңалықтар