Қызылордалық бизнес өкілдері футбол алаңында «Атамекен» кубогын сарапқа салды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 3 жыл толуына арналған алғаш рет бизнес құрылымдары арасында шағын футболдан облыстық «Атамекен» Кубогы ұйымдастырылды. Бұл туралы кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

Екі күнге созылған жарыстың мақсаты бизнес құрылымдар арасында бұқаралық дене шынықтыру және спорттық қозғалысты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау.  Жарыста 20 команда «Атамекен» Кубогын сарапқа салды.

Алғаш рет бизнес құрылымдар арасында шағын футболдан өткізіліп отырған жарысқа Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ким Евгений Германович, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Жақсылықов Ғалымбек Жақсылықұлы және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, облыстық футбол федерациясының президенті Мұстафаев Садық Шоңмұрынұлы командаларға сәттілік тілеп, салтанатты рәсімін ашып берді.

null  

Екі күнге ұласқан жарыс қорытындысы бойынша шағын футболдан облыстық «Атамекен» Кубогы өз мәресіне жетіп, жеңімпаз,  жүлдегер командаларға және белсенділік танытқан ойыншыларға номинациялармен марапатталды.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар бойынша: І орын - жеке кәсіпкер «Дәулет» ЖК; ІІ орын - «Азамат» ЖШС; ІІІ орын - «БөгенСтройТрансСервис» ЖШС.

Номинациялар бойынша: «Үздік қақпашы» - Досхан Бексейітов, ЖК «Дәулет»; «Үздік қорғаушы» - Дулат Абдуғаппаров,  «БөгенСтройТрансСервис» ЖШС; «Үздік шабуылшы» - Елшат Тұрсмұратов, «Цефея» ЖК; «Үздік ойыншы» - Асқар Мұстафаев, «Азамат» ЖШС.

null  

Сонымен қатар, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 3 жылдығына орай облыс әкімінің орынбасарына және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына естелікке медаль табыстады.

Шара соңында бизнес өкілдері тарапынан алдағы уақытта бұл жарыстың дәстүрлі түрде жалғасын тапса деген тілектері айтылды. 

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар