Қызылордалық балғындар Грузиядан бас жүлдемен оралды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Сыр елінің өнерпаз балғындары Грузия мемлекетінің Фазаси қаласында өткен халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінде табысты өнер көрсетіп, жүлделі оралды, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық мәдениет басқармасына сілтеме жасап.

Түрлі елдің мәдениетін насихаттап, шығармашылықты дамытуды мақсат еткен фестиваль қорытындысында бас жүлдені Қазанғап атындағы музыкалық колледждің студенті Ақбота Құснадин иеленді. Ал сырдариялық Мақаш Қасиет, қалалық №1 мектеп-гимназияның оқушысы Дінислам Бақытбек, №189 орта мектептің оқушысы Арслан Толыбеков пен №7 мектеп оқушысы Бақдәулет Исабеков І орынмен марапатталды.

№2 Мұрагер мектебінің оқушысы Ділназ Төлеген мен Зульфия Айтбай 14-15 жас аралығында өнер көрсетіп, әділқазылар шешімімен екінші орынға жайғасты.

Айта кету керек, балғындарды фестивальға Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Қаракөз Ақдәулетова дайындаған және олар өнер додаларында үнемі биіктен көрініп келеді.

Соңғы жаңалықтар