Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -21 °С
Алматы: -7 °С
USD 319.42 EUR 400.04
RUB 5.66 CNY 50.35
Жаңалықтар

Қызылордадағы екі көпқабатты үйде газ жарылған

2018 жылғы 15 ақпан 08:25 471
Поделиться:
Қызылордадағы екі көпқабатты үйде газ жарылған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылордада бірден екі көпқабатты үйде газ жарылып, 24 жастағы бойжеткенді күйік шалды, деп хабарлайды Хабар 24.

Ұқсас жаңалықтар
Мексиканың оңтүстігінде жойқын жер сілкінісі болды Қызылордада газ жарылуы салдарынан қираған үйлер қалпына келтірілді

Құтқарушыларға алғашқы хабарлама Тайманов көшесіндегі №1 үй тұрғындарынан түскен. Ондағы жарылыстың күшті болғаны соншалық, төменгі қабаттағы пәтер балконының сау-тамтығы қалмаған.

Араға біреше минут салып, осы көшедегі №3 үйден екінші жарылыс даусы естілген. 15-пәтерде жарылыстан кейін өрт шыққан. Соның салдарынан 24 жастағы қызды күйік шалды. Куәгерлердің айтуынша, қаланың бірнеше шағын ауданындағы пәтерлерден түстен кейін газ ақауы байқалған. Авариялық кезекші бөлімдер қоңырау шалған тұрғындарға газ қондырғыларын өшіруге кеңес беріпті.

 «Сағат 2 жарым шамасында теледидар көріп отыр едік, үйде 92 жастағы анам және қызым болды. Қатты шуылдаған дауыс естіп, қызым газға шай қойды деп ойладым. Барып қарасам, өлшеуіш құрылғыға газ құбыры жалғанған жер қатты шуылдап жатыр екен. Газдың ең кішкентай көзін жағып көріп едім, қатты лапылдап жанып тұр екен. Дереу газды жаптым, жарықты өшірдім де, көршілердің есігін ұрып жатқанымда бірдеңе «гүрс» ете қалды. Қарасам, балкон жарылып, пердесі өртеніп жатыр», - деді Қызылорда қаласының тұрғыны Гүлнәр Арғынбаева.

Еске салайық, кеше Қызылорда қаласының іргесіндегі Абай елді мекенінде орналасқан АГРС-2 автоматтандырылған газ реттегішінде апатты жағдай орын алған еді. Орын алған оқиғаға орай қала тұрғындарына газ қондырғыларын ажырату туралы ескерту берілген болатын.

 

 


Басты сөздер: Оқиға, Қызылорда облысы,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат