Қызылордадағы атысқа байланысты үш күдікті қамалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында жастар арасында болған атыс оқиғасына байланысты 3 күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада күдіктілер өз кінәларын мойындап, жауап бергені айтылған. Оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2, 3-бөлігімен (бұзақылық) және 99-бабының 2-бөлігімен (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске салайық, 27 наурыз күні сағат 14.50 шамасында Қызылорда қаласының Әйтеке би және Желтоқсан көшелерінің қиылысында атыс болды. Әлеуметтік желіде көшедегі адамдар түсірген видео тарады. Оқиға орнына жеткен қалалық Ішкі істер басқармасының жедел-тергеу тобы 7-8 адамнан құралған топтың бұзақы әрекетін анықтады. Бір адам оқ жарақатымен облыстық Медициналық орталыққа жеткізіліп, ол отадан кейін көз жұмған еді.

Әділет ҚАҢТАРБАЕВ

Фото: lezgigazet.ru

Соңғы жаңалықтар