Қызылордада зымырандарды ұшыру траекториясын есептеген ғалым ұлықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада ғалым Асан Таймановтың 100 жылдығына арналған ғылыми оқулар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында Асан Дабысұлы Таймановтың 100 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: өзекті мәселелері мен қолданылымдар» тақырыбында халықаралық екінші ғылыми оқулары ашылды.
null

Шараға облыс əкімі Қырынбек Көшербаев, ғалымның қызы Надежда Асанқызы, Қазақстан және Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының басшылары мен ұстаздары, профессордың әріптестері мен оқушылары қатысты.
null

Жиында əкім қатысушыларды кезекті оқулардың өтуімен құттықтап, Асан Таймановтың математикаға қосқан үлесі туралы айтты.

«Асан Дабысұлының бастамасымен өңірде математикадан қалалық және облыстық олимпиада өткізілді. Бұл республика бойынша математикадан ұйымдастырылған алғашқы олимпиада болатын. Қызылордада ғалымның бастамасымен терең ғылыми зерттеулер бойынша дескриптивтік жиындар теориясы және теориялық-көптік топология циклы өтті», - деді облыс әкімі.

Шара аясында секциялық отырыстар мен тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Асан Дабысұлы Тайманов кеңестік ғалымдарының процесстерді математика арқылы модельдеу теориясының негізін қалаушыларының бірі. Ол көптеген жылдар бойы Алматы және Новосибирск қалаларындағы Ғылым академиясының қолданбалы математика институттарын басқарды. КСРО ҒА арнайы тапсырмасы бойынша Байқоңырдан зымырандарды ұшыру траекториясын есептеген.

Соңғы жаңалықтар