Қызылордада жеңіл көлік пен автобус соқтығысты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жеңіл көлік пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәлім болғандай,  12 желтоқсан күні Елеу Көшербаев пен Ғани Мұратбаев көшелерінің қиылысында «Daimler-190» көлігі мен «ПАЗ-32054» маркалы автобус соқтығысқан.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға сәйкес, жеңіл көлік жолдың жиегіне  ұшып кетіп, жекеменшік үйдің қоршауына соғылған.  Қатты соққыдан оның алдыңғы бөлігі жарамсыз күйге түскен.  Аталмыш факті Қызылорда қалалық полиция басқармасының ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

«Жол апатына байланысты «Daimler-190» маркалы автокөлік жүргізушісіне Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша құжаттар рәсімделді», - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жарас Оспанов.

Тексеру жұмыстары жалғасуда. 

Соңғы жаңалықтар