Қызылордада жас жұбайлар мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінде ақ некелерін қидырған Төлеби Есенжолұлы мен Нұрбану Абызқызы қаржыларын кортежге емес, қайырымдылыққа жұмсап, игі істің өнегесін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайырымдылық шарасы туралы қалалық мешіттің наиб имамы Қайырбек Отызбаев Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Биылғы жылды Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет «Ислам жəне отбасы жылы» деп жариялаған болатын. Ондағы мақсаты - жас отбасыларға жанұяның құндылығын түсіндіріп, отбасы ынтымағын арттыру болатын. Міне, осыған амал жасап жатқан қос жұп Алла үйінде некелерін қиып қана қоймай, Сіздерге айтарлықтай қайырымдылық көмегін көрсетуде», - деді алдымен сөз алған мешіттің бас имамы Нұржан Пірəліұлы.
null

Жас жұбайлар шын жүректен «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы аясында жеті бірдей отбасыға азық-түлік пакеттерін өз қолдарымен үлестірді.

«Мешіт ақсақалы мен мұқтаж жандар жас жұбайларға ақ баталарын айтып, шексіз ризашылықтарын білдірді», - делінген жазбада.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар