Қызылордада «Жас отбасы» байқауы қорытындыланды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде жас отбасылар арасында облыстық «Жас отау» байқауы өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Оған іріктеу кезеңінен өткен 7 жас отбасы қатысты. Олар ақтық кезеңнің шарттарына сәйкес үш айналым бойынша өз өнерлері мен қабілеттерін көпшілікке көрсете білді. Қорытындысында І орынды Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінен Қалиевтер отбасы, ІІ орынды Жалағаш ауданынан Қалжановтар отбасы және ІІІ орынды Сырдария ауданынан Өмірзақовтар отбасы иеленсе, Шиелі, Қазалы, Төретам  аудандарынан және қалаға қарасты Ақсуат ауылдық округінен қатысқан жас отбасылар арнайы номинациялармен, жүлделі сыйлықтармен марапатталды. 

Іріктеу кезеңінде белсенділік танытқан жас отбасыларға облыстық ішкі саясат басқармасының арнайы алғыс хаттары табысталды. 

Соңғы жаңалықтар