Қызылордада Зейнеп Ахметованың қатысуымен Аналар кеңесінің форумы өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясы Қызылорда облыстық Аналар кеңесінің «Дәстүрлі құндылықтар және рухани жаңғыру» атты форумы өтті, - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

null
Оған жазушы-этнограф, қоғам қайраткері, Бауыржан Момышұлының келіні, қазақы дәстүрлерді, отбасылық құндылықтарды, дәстүрлі дінді, ұлттық рухты насихаттаушы Зейнеп Ахметова, облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық, аудандық Аналар кеңесінің мүшелері, интернационал отбасылар, көпбалалы аналар мен этномәдени бірлестік мүшелері, мұғалімдер, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Шараны облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов жүргізеді. Форумның маңыздылығын атап, З.Ахметованың өнегелі өмір жолына тоқталып өтті.
null

Зейнеп Асқарбекқызы қан майданда әйгілі командирлердің бірі болған, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының  соғыстан кейінгі  жылдарындағы өміріне арналған естелік-кітап «Шуақты күндердің» және «Әзіліңді сағындық», «Бабалар аманаты» кітаптарының авторы.

Форум барысында Зейнеп Асқарбекқызы отбасылық құндылықтар, дәстүрлі дін, ұлттық салт-дәстүр, қазақ қызына тән болмыс, қоғам қалыптасуындағы ана-әже рөлі туралы әңгіме айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, ата мен келіннің арасындағы байланысты, қаталдық артындағы жұмсақтықты, таяқтың ұшындағы тәрбие мәселелеріне тоқтала кетті. Батырдың келіні болу - үлкен жауапкершілік пен ұқыптылықты талап еткендігін де айтып өтті.
null

Айта кету керек, дана келін, дара келін Зейнеп Асқарбекқызын көруге келушілер қатары көп болды. Ғибратты әңгімелерін тыңдап, өнегелі өсиеттерін ойларына түйді. Форум пікір-алмасу, сұрақ-жауаппен жалғасын тапты.

Соңғы жаңалықтар