Қызылордада вирусты гепатитке шалдыққандар көбейген

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат. Қызылорда қаласында ата-аналарының түбегейлі бас тартуы салдарынан түрлі ауруларға қарсы егуден тыс қалған балалар саны артып тұр. Қазір олардың саны 82 баланы құрайды. Бұл жөнінде ҚазАқпарат Қызылорда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бүгінде Қызылорда қаласында А вирусты гепатитінің эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыз деп бағаланып отыр. Өйткені, оған шалдыққан оқушылар қатары өсуде. Үстіміздегі жылы мұндай 9 ауру дерегі тіркелген еді. Ол былтыр бар-жоғы 4 деректі құраған. Осыған орай қазір қала мектептерінде тексеріс шаралары жүргізілуде. Талапқа сай емес білім ошақтарына хаттама толтырылған.

«Аталған науқасқа шалдыққан оқушылардың жұқпалы вирусты А гепатитіне қарсы егілмегені белгілі болды. Аурушаңдықтың алдын алу мақсатында жоғарыда аталған мектептерде эпидемиологиялық көрсеткішке байланысты қарым-қатынаста болған 14 жасқа дейінгі 961 баланың 751-не екпе егілді. Екпенің тиімділігі туралы мектеп басшылығымен бірлесе отырып, одан бас тартқан ана-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - дейді Қызылорда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Сыздықова.

Әділет Қаңтарбаев

Соңғы жаңалықтар